Поздравление акима Жамбылской области Н. Нуржигитова с праздником «Курбан Айт»
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды күллі мұсылмандар үшін қасиетті болған – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – татулықты тірек еткен тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.
Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болған осынау айтулы мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық пен амандық тілеймін!
Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын!
Уважаемые земляки!
От всей души поздравляю вас с праздником Курбан айт – священным для всех мусульман!
Курбан айт стал народным праздником независимой страны и способствует сохранению и дальнейшему развитию национальной идентичности, благородных ценностей, многовекового культурного и исторического наследия народа Казахстана.
Этот священный праздник, ставший символом добра и милосердия, призывает людей к духовному очищению и состраданию. В эти знаменательные дни каждый старается делать добрые дела, помогать нуждающимся и дарить радость окружающим.
Поздравляю всех с сегодняшним праздником, желаю крепкого здоровья, счастья, мира и благополучия!
Пусть ваши жертвоприношения, молитвы и пожелания будут услышаны!
Жамбыл облысының әкімі Н. Нұржігітов
Аким Жамбылской области Н. Нуржигитов