Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік

 

Шара модераторы Салтанат Байтілеқызы Иманова (Байзақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы) «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған» оқыту семинары «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналады. Онда тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жүргізу арқылы дін және діни нанымдардың тарихы туралы жалпы білім беру, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру — дей келе, семинар бағдарламасы мен дәріс беретін спикерлерімен таныстырды: Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамындағы Дінтану орталығы бас маманы); Фатима Әбдіқызы Бизакова (Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі төрайымы, психолог-коуч).

Оқыту семинарының жоспарына сәйкес спикерлер дәрістер оқыды:

— Зайырлылық туралы. «Зайырлық және дінтану негіздері» курсының оқыту жүйесі мен өзектілігі  Алпысбаев Б.Қ.
— Білім беру жүйесіндегі діни сауаттылықты арттырудың ерекшеліктері Алпысбаев Б.Қ.
— Қоғамдағы жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың жолдары   Алпысбаев Б.Қ.        
— Конфессияаралық және дінаралық қатынаста сақтаудың негізгі жолы діни сауаттылықта жатыр. Алпысбаев Б.Қ.
— Дін мәселесіндегі этнопсихология және этномәдени жүйелердің өзара ықпалдастықтары. Бизақова Ф.А.            
— Теріс діни ағымдардың экспананциясына рухани психологиялық иммунитет қалыптастыру. Бизақова Ф.А.   

Қорытындылай келе, жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік тәрбие ісі білім беру жүйесін ізгілендіру. Дінтану зайырлы қоғамда діни және діни емес көзқарастарға құрмет пен төзімділікке баулу. Жастар бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру дәрісі психологиялық жаттығулармен бекітіліп, қатысушылар сұрақтарына талдау жасалды.

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.