Жүзуден жарыс

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінің бассейн залында жастар арасында спорттың жүзу түрінен өткен жарыстың ашылуында сөз алған А.Каукешова (Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры) қатысушыларға ептілік, жылдамдық пен тапқырлық, сәттілік тіледі. Келесіде,  спорттық жарыстың талап-шарттарымен бас төреші С.Райсов таныстырды. 26-маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай есірткімен күресте «Есірткісіз болашақ!» ұранымен жастар жүзуде бар күш-жігерлерін салды. Жарыс жеңіпаздары анықталды. Спорт — денсаулық кепілі – дегендей спорттың жүзу түрі барысында жарысқа түскен жастар қошеметпен марапатталды. Жарыстың барлық жеңімпаздарын осынау жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.