Cұхбат алаңы
Жуалы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылда үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында сұхбат өтті. Сұхбат қатысушылармен танысумен басталды. Барлығына өз аты-жөнін және жұмыс орнын айту ұсынылды. Aқпараттық, консультативтік ықпалдастық етуге бағытталған оқыту семинарының мақсаты осы жоба аясында әр адам қажетті сұрақтармен жүгіне алатыны және кеңес алудың түрлі жолдары туралы болды. Ауылда үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттігі, мемлекеттік бағдарламалар туралы қатысушылар мағлұмат алды. Ауданның үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер ақпарат пен кеңес алғаннан кейін әрекет ете бастайды. «Іске асыру» процесі басталады. Мұнда оның әр түрлі нұсқалары болуы мүмкін: ол өз мүмкіндігін пайдалана алды ма, жоқ па, оған қарамастан, егер олар байланысын жалғастыруға дайын болса, келесі кезең «Кері байланыс» туындайды. Сондықтан, біз мұнда кері байланыс беру мүмкіндіктерін қарастырамыз – оқыту, түсініктеме беру, оң пікір, қосымша сұрау салу және т.б. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға арналған әлеуметтік жобалар мен гранттық қолдау көрсету туралы үкіметтік емес ұйымдары және этномәдени бірлестіктердің мен аймақ тұрғындарын ақпараттандыру жоба аясында жүзеге асады.
Абдурахман Зайнутдинов
«Тараз қаласы өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!