Бала құқығы – жалпы азаматтық құндылық
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Бала құқығы – жалпы азаматтық құндылық», «2022 жыл — Балалар жылы» орай Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушылары, мектеп мұғалімдерімен кездесу өтті.Бала деп кімді айтамыз? Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Презентация барысында «Балалар құқығының» заңдары (1-бап), онда балаға келесі сипаттама беріледі — 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Бала құқығы – жалпы азаматтық құндылық — балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Дүниеге келген кезден баланың азаматтық құқығы басталады. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілгені аталып өтті. Әрекет-қабілеттілік пирамидасы, Біліп жүріңіз! Сұрақ жауап рубрикасы аясында қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады — деп нақтыланды. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді дей келе, заңды білу – заман талабы, екені, ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан-жақты реттелген. Осы себепті «Бірлесе атқарған жүк жеңіл» деген қағидамен іс-әрекеттер барысында құқықтық сауаттылық туралы кең мәліметтер беру жүзеге асты.
Ардақ Жантаева М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы, PhD докторы
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!