«2022 жыл — Балалар жылы»

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы»  тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Бала құқығы – жалпы азаматтық құндылық» тақырыбында М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі жоғары сынып оқушылары қатысуымен кездесу өтті.  Онда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2022 жыл — Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. Барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Бұл жылды ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керектігі. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деп атап өтті. Мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекетіміздің ата Заңының 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс деп аталып көрсетілген. Қазақстан Республикасы  Бала құқықтары туралы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан:

— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;
—  Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

— Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

— Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

 Ардақ Жантаева М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  

 «Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы, PhD докторы             

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.