Салауатты өмір – денсаулықтың кепіл
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжі және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студент жастары мен Айгуль Абдикалыкова (ЖОПДО) әлеуметтік қызметкері мен Айгерим Каукешова (Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры) кездесті. Бейнекөрсетілім көрсетілді, онда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл арқылы салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызыдылығы айтылды. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар:, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды. Салауатты өмір тіршілігі — денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет — деп қонақтар ой қорытты.
Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!