Pепродуктивті денсаулық

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында студент жастар мен оқытушылары арасында жас отбасыларға арналған, балалы болуды жоспарлау, тәрбиелеу, ажырасуды алдын алуға бағытталған «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжі «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар тақырыбында «Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы және өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Сол өмірді дүниеге әкелетін әке мен ана денсаулығы қоғамды толғандырады. Репродуктивті жас, өмірге дені сау ұрпақ әкелу, халық санын арттыру үшін тек әйел-ана денсаулығын жақсарту ғана жеткілікті ме?, Қандай алдын-алу шаралары ата-анаға ұл мен қыздың денсаулығын сақтауға септігін тигізеді? Осы орайда Репродуктивті денсаулық туралы  туындаған сауалдар айналасында ақпарат берілді.

Репродуктивті денсаулық — дегеніміз дүниеге дені сау бала әкелуге мүмкіндік беретін адам денсаулығы — деп түсіну керек. Репродуктивті жас — 15 жастан 49 жас аралындағы жас. Репродуктивті  денсаулық — жауапты және қауіпсіз сексуальді өмір сүріп, сонымен қатар қай кезде және қанша ұрпақ қалдыруды өзің шешуге мүмкіндікті бейімдейді. Репродуктивті денсаулықты қорғау мақсаты: өмір сапасын жетілдіру және жыныс жолымен  таралатын аурулардың алдын алу болып табылады. Әр ата-ана 16 жасқа келгенше өз баласы, оның денсаулығына жауапты. Бүгінде ана мен бала ден­сау­лы­ғына да мемлекет тарапынан ай­рық­ша көңіл бөлініп отыр. Ерлер денсаулығы бүгінгі таңда денсаулық саласының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Отбасындағы ер азаматтың денсаулығы мықты болса, сол шаңырақ мүшелерінің де денсаулығы мықты, әлеуметтік жағдайлары дұрыс болады.

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.