«Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы»

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында №12 Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде ата-аналар, студент жастар мен оқытушылары арасында жас отбасыларға арналған, балалы болуды жоспарлау, бала тәрбиеcі, ажырасуды алдын алуға бағытталған «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар. Отбасында берілген «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы».

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.