Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бес бағытта жұмыс атқарады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 1-бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру деп белгіленген. Білім беру жүйесіндегі адалдық алаңдары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатын көздейді. Кездесуде мектеп жастары мен мұғалімдері өз түсініктерінде сыбайлас жемқорлық, адамдардың жемқорлыққа бару себептері, жемқорлықтың зардабы туралы, ал жемқорлық — адам қолымен жасалынған жамандық, зұлымдық — ол тұғырыққа әкеледі — деп ой қорытты. Келесі де, таратпа материалдар, адалдыққа бағыттайтын бейнероликтер көрсетілімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда жастардың өз ісінде ашықтығы, адалдығы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ілгерлету, ақпараттық қолдау табу қызметі жүзеге асты.
Адалдық ол — ашық, шыншыл қарым-қатынас, адам бойындағы бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер — деп шара қорытындыланды.
Сүйімқұл Нұржан
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі мененджері
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!