«Дін — тәрбие діңгегі»
Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүргізу» жобасы
Жуырда «Қызыл жұлдыз» ауылдық округі, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп жастары мен мұғалімдері қатысуымен «Дін — тәрбие діңгегі» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар спикері — Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы) тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында дін жайында, дәстүрлі діни таным мен дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ой қозғады және жастарды осы бағытта адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығы және жастар бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дінсіз адам болса да дінсіз қоғам болмаған. Дін адамды бақытқа жеткізеді. Діннің қызметі тұлғаға өзінің психологиялық мәселелерін шешуге көмектеседі. Дін адамдарды біріктіретін рухани күш. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаймыз.
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар
Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» жобасы аясында өткен «Парасаттылық – басты ұстаным!» (№1 мектеп-гимназиясы), «Адал бол» кездесу (Сарыкемер, Н.Ақшабаев) орта мектептері негізінде ұйымдастырылды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!