Городская газета Новый Регион

Зейнетақыны мен жәрдемақыны ұйғе жеткізіп беру туралы.

0 116

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағиданың» 61 тармақшасына сәйекес   зейнетақы мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп беру мынадай санаттағы адамдарға:

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;
  2. зейнетақылар мен жәрдемақыларды сексен жастағы алушыларға;
  3. бiрiншi топтағы мүгедектерге;
  4.  бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп беру үшін Тараз қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөліміне өтінішпен бірге жоғарыда аталған растайтын құжат (ҰОС куәлігі, жеке куәлігі 80 жасты растайтын,       бiрiншi топ мүгедек туралы анықтама, медициналық анықтама) және АҚ «Казпочта» ашылған 20- сандық шот.

Тараз қалалық

әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша

бөлім басшы

М.Улеков

Источник
Оставить Комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован где либо.