Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды | В городе таразе назначен новый аким

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Автомобильдер және Автомобиль шаруашылығы» және «Тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.

Әр жылдары:

  • «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары,
  • «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі,
  • «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры,
  • «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті,
  • Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы,
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және
  • «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
  • 2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары,
  • 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары,
  • 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының активіне жаңа әкімді таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, шаһардағы қордаланған мәселелерді шешу, дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и Таразским городским маслихатом распоряжением акима Жамбылской области Орынбеков Бакытжан Амирбекович назначен акимом города Тараза.

Орынбеков Бакытжан Амирбекович родился в 1971 году. Окончил Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати по специальностям «Автомобили и Автомобильное хозяйство» и «Горное дело».

Трудовую деятельность начал в 1992 году начальником отдела в фирме «Заман» в городе Джамбул.

В разные годы:

  • работал заместителем  директора частного предприятия «Делдал»,
  • механик в АО «Жамбыл-Құпарлылық»,
  • генеральным директором ТОО «Торгово-производственная компания «Шығыс Таңы»,
  • президентом ТОО «Тараз көлік жолы»,
  • начальником управлений пассажирского транспорта и автомобильных дорог,
  • строительства акимата Жамбылской области,
  • занимал различные руководящие должности в ТОО «Торгово-транспортная компания» АО «НАК» Казатомпром» и «АО» Волковгеология.
  • В 2016-2017 г.г. занимал должность заместителя генерального директора РГП на ПХВ «Резерв» Комитета государственных материальных резервов Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности РК,
  • в 2017-2018 г.г. — заместителя председателя Комитета государственных материальных резервов Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности РК,
  • в 2018-2021 г.г. — директора департамента, управляющего директора-руководителя проектного офиса, генерального директора  по управлению проектами – члена  правления.

Глава региона Нуржан Нуржигитов представил активу города Тараза нового акима, поставил конкретные задачи по исполнению поручений Главы государства, решению накопившихся проблем в областном центре.

Толығырақ /Подробнее на zhambyl.gov.kz

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.