Нұржан Нұржігітовтың Конституция күніне арналған құттықтау сөзі

Құрметті жамбылдықтар!

Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Тұрақтылық – ел экономикасы дамуының басты факторы. Бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталып, индустрияландыру, аграрлық сектор мен әлеуметтік салада тұрақты жағдай қалыптасып отыр.

Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін ең маңызды және басты мерекелердің бірі.

«Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – барша Қазақстан халқы.

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихында тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты.

Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.

Қасиетті Жамбыл жерінің тұрғындары да  демократия мен гуманизм принциптерін жүзеге асырудың кепілі болып табылатын Конституцияның жарқын болашағына сеніммен қарайды.

Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып, ел игілігіне бағдарланған істеріңіздің жемісті болуын тілеймін!

Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, бейбітшілік пен бірлігіміз нығая берсін!

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.