Командалық есепте Жамбыл облысы ІІІ-орынды иеленді
КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІІ-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Тараз қаласында ҚР Білім және Ғылым министірлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 3-7 тамыз аралығында үстел теннисінен Қазақстан оқушыларының ХI жазғы гимназиадасы өтті. Үстел теннисі спорт кешенінде өткізілген аталған жарысқа Шымкент, Алматы қалаларының және Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының командалары қатысты.
Жалпы командалық есепте Түркістан облысы І-орынды иеленсе, Шымкент қаласы ІІ-орынды қанжығалады. Ал, ІІІ-орын Жамбыл облысының командасына бұйырды.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!