Нұржан Нұржігітов: Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуміз керек
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды.
— Мемлекет халықтың жағдайын жақсарту, тұрмысын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдауда. Бұл орайда өңірлік деңгейлерде бағаны тұрақтандыру, бақылау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі маңызды.
Осы орайда жұмысқа деген көзқарасты өзгертетін кез келгенін тағы да еске саламын. Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуіміз керек. Жағдай жасап, қолдау білдіріп, тиісті жеңілдіктерге қол жеткізу үшін көмек көрсетуіміз қажет. Жауапты басшылар, мемлекеттік қызметкерлер осыны түсінуі тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.