Білікті заң көмегіне құқықтарды қамтамасыз ету

Тараз қалалық сотының хабарламасы бойынша:

Тараз қалалық сотында судья Е.Смайыловтың төрағалығымен, облыс әділет департаментінің өкілдері А.Дүйсенбаеваның, облыстың адвокаттар алқасының өкілдері Д.Набатованың, Абулхайр У., қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, қала әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері және заң консультанттары А.Дауылбаеваның, Н.Әмірованың, Б.Абдуллаевтың, Д.Сатаровтың, Ж.Мұраттың қатысуларымен, «білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді аша отырып, модератор азаматтар мен заңды тұлғалардың сотта және соттан тыс білікті заң көмегіне құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.
Білікті заң көмегін алу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Ағымдағы жылдың маусым айында Президент, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Осы заңда, заң консультанттарын тарту үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру мөлшерін ұлғайту, азаматтар тегін заң көмегін ала алатын тұлғалар мен істер шеңберін кеңейту көзделген.

Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, алименттерді өндіріп алу мәселелеріне, жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға, сондай-ақ құқықтық консультация беру түріндегі даулар.

Тегін көмек алу құқығына көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, тұрмыстық, сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, адам саудасына, терроризм актісіне не азаптауға ұшыраған жеке тұлғалар, сондай-ақ ҰОС қатысушылары, ҰОС қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, 1 және 2-топтағы мүгедектер және басқаларда ие болады.
Заң 2025 жылға қарай халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін екі есе ұлғайту жөніндегі міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы әділет департаментінің өкілі А.Дуйсенбаеваның баяндамасында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің тұжырымдамасы түсіндіріліп, осы көмекті алуға құқығы бар тұлғаларды атап өтті. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 20 тамыздан бастап мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енгеннен бастап заң кеңесшілері мемлекет кепілдік берген заң көмегін беретіндігін атап өтті.

Іс-шараның барлық қатысушылары дөңгелек үстел тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, соттарда азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығы өз пікірлерін білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.