Өңір басшысы Жамбыл облысының даму бағытын анықтады
Баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдеріне Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарын көрсетті.
Өңір басшысы 2022 жылдың алты айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жұмыс жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бірінші жартыжылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1% құрады (ҚР–104,5%). Өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%) салаларында оң динамика қалыптасты.
155,8 млрд. теңге инвестиция тартылды (92,9%).
255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілді (98,5%).
Инфляция деңгейі жыл басынан (2021 ж. желтоқсанына) 110%-ды құрады (ҚР–110,5%).
Өзіндік кірістер 60 млрд. теңгеге (жоспар – 46,9 млрд. тг) орындалып, 25,7%-ға артты (ҚР–119,2%),.
Бюджет қаражаты 99,9%-ға игерілді (ҚР – 99,2%).
«Біздің мақсатымыз-ауыл халқы үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, өмір сүру жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыта отырып, табысты арттыру.»,- Деді Нұржан Нұржігітов баспасөз мәслихатында.
Бұдан басқа, халыққа әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру жөніндегі бірқатар міндеттерді шешу көзделеді.
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының даму жоспарын 3 кезеңге бөлді:
- Инвестициялық жобалар
- Бюджеттік инвестициялық жобалар
- Жұмыспен қамту
«Аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Өйткені, олардың қызметі ауылдағы өмір сапасын арттыруға тікелей байланысты. Ауыл әкімдері күн сайын кем дегенде бір үйге, кәсіпорындарға және шаруа қожалықтарына барып, барлық істерді білуі керек. Мақсаты-әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу және табысы төмен отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Бізге жұмысқа жаңа көзқарас қажет. Біз өзгерістерді өзімізден бастауымыз керек. Бөлінген бюджет қаражаты есебінен орындалған жұмыстармен шектелуге болмайды. Бюджет қаражатын тиімді игеру-біздің міндетіміз. Әкімдер инвестициялар тарту, жаңа жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін күш салуы қажет», — деді Нұржан Нұржігітов.
Редация газеты «Jana Aymaq — Новый Регион»