Отбасылық құндылықтар

Отбасылық құндылықтар

«Жуалы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасылық құндылықтар» — отбасы институтын нығайту, гендерлік мәдениетін дамыту және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған кездесу өтті. Кездесуде жас аналар, көпбалалы аналар отбасы құндылықтары, отбасы жетістіктері, бақытты да, парасатты отбасын құру үшін қандай қасиеттер қажет деген сауалдар айналасында ой өрбітті. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Ата-ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылықты үйрету. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі де, парасатты отбасының әсері мол.

А. Дарибаева
Жуалы ауданы кеңес алу кабинеті психологы
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.