Ата-ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылықты үйрету

«Жуалы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы гендерлік қарым-қатынас» атты отбасы институтын нығайту, гендерлік мәдениетін дамыту және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған семинар Ақсай ауылдық округ тұрғындары арасында Көлбастау ауылдық  кітапханасында өтті.  ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев: 2022 жыл – Барыс жылы «Балалар жылы» ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Бұл жылды ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керектігі. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өтті. Мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Аталмыш семинарда отбасының басты құндылығы – бала, оның тәрбиесі сөз бола, отбасындағы гендерлік қарым-қатынас мәселесі, отбасы функцияларын орындауда ерлі-зайыптылар құқықтарының, мүмкіндіктері мен міндеттерінің теңдігі, баланы тәрбиелеуге, оған білім беруге және баланың жеке басын дамытуға отбасының жауапкершілігі және отбасы жетістіктері айналасында өрбіді. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Осы орайда Ғ.Мұстафиннің «Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр.  Сонымен  отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – баршаның борышы.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе екені ортаға салынды. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», — деген нақыл сөздермен шара қорытындыланды.

Кликните здесь, чтобы добавить текст