Қазақстан этностарының арасында ортақ құндылықтар қалыптастыру

Жуалы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Ауылда үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында «Қазақстан этностарының арасында ортақ құндылықтар қалыптастыру» семинар-тренингі — Мыңбұлақ ауылдық округі, Талапты ауылы, «Мәдениет үйі» ғимаратында өтті. Шара танысумен басталды, онда (аты-жөні, шараға қатысудағы мақсаты мен жұлдызнамасы) сұрақтары айналасында жүрді, қатысушылар өздері туралы мағлұматтар арқылы, бірін-бірі басқа қырынан тану мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құрылған унитарлық мемлекет. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы басты мақсат, этностарды ортақ құрылымының аясында біріктірудің сара жолы болып табылды. Әлемде теңдесі жоқ осы құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтардағы кіші Ассамблеялар атқаруда. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері, оның ішінде 70-тен астамы Жамбыл облысында өмір сүреді. Бұл – бізде көпэтностық қауымдастық, сондықтан ұлтаралық салада пәрменді мемлекеттік саясат қажет. Ол этносаралық және ұлтаралық келісім мен достықты нығайту, яғни тұлға бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті үйлесімді қарым-қатынас орнату, этносаралық және ұлтаралық келісім мен достықты нығайту мәселесі. Бұл мәселені шешудің бір жолы – ұлтаралық келісім мен достықты нығайту аясында жастар мен жасөспірімдерді толеранттылыққа тәрбиелеу. Ол дегеніміз – этносаралық қарым-қатынаста шыдамдылық, көнбістік. Шара барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Аталмыш шара болашақ ұрпақты толерантты, әрі өзге этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеуде маңызы зор.

Гульнара  Султанбаева

Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының

іс-жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.