Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында кездесуге, Зайнутдинов А.Ю. - Жамбыл облысы бойынша ҚХА мүшесі, тарихшы, зерттеуші, сарапшы, "Тараз қаласының өзбек орталығы" қоғамдық бірлестігі төрағасы, Тенизбаева Д.С. - тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, Маханов Т.Ж. - факультеттің аға кураторы, Игликова А.Н. - кафедраның аға кураторы, 6B04111 "Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салу" БББ 2 курс студенттері қатысты. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша дәрістер оқылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің негізгі нәтижесі - бұл парақорлықтан және басқа заңсыз әрекеттерден аулақ бола отырып, билікті жүзеге асыруға немесе билік құрылымдарының өкілдерімен заңды негізде өзара әрекеттесуге қабілетті адамды дайындау.

Ардақ Жантаева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы, PhD докторы