Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
 Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында «Парасаттылық менің басты ұстанымым!» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренингке АҚҚК қоғамдық бірлестігінің президенті - И.Федорова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы, PDh докторы - А.Жантаева және колледж студент жастары мен мұғалімдері қатысты. Әр тарап тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселе айналасында өз пікірлерін ортаға салды. Осы орайда өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, жас буынның рухани болмысын қалыптастыру маңыздылығы айтылды. Көзделген мақсатқа жетуде бекіту жұмыстары психологиялық жаттығулар түрінде жүргізілді. Кері байланыс парақшаларында жастар жемқорлық әлемдік мәселе, оны жою болашақ иесі - біздің қолымызда. Қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлықпен іс-қимылда жастардың заң саласындағы білімдерін арттыру, ой-санасын дұрыс бағыттау және адал еңбектің арқасында мақсатқа жетуде аталмыш шаралардың берері мол. Қоғам дертімен күресте парасаттылықты ұстанамын - деп студент жастар ой түйіндеді. Шара соңында ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Нұржан Сүйімқұл
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің мененджері

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить