Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
  Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Елу жылда - Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында дөңгелек үстел отырысын, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде білім алушы өзге ұлт өкілдері мен «Радонеж» орыстар қауымдастығының мүшесі, орыс этносы өкілі – Ирина Федорова қатысуымен өткізді. Тараз қаласы этномәдени орталықтары, қоғамдық бірлестіктері мен этностары аталмыш тұжырымдаманың дамуына белгілі үлес қосып отыр. Енді соның мәні мен маңызын жас ұрпақ бойына сіңіруге атсалысу, осы істе бірлесіп жұмыс атқару баршамыздың міндетіміз. Қатысушы өзге ұлт өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы ерекше сезіммен жеткізе келе, ұлтаралық келісім - табыстың іргетасы - деп ой топшылады.

«Елу жылда- Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить