Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – өзекті мәселе» атты семинар, Жамбыл медициналық жоғары колледж студенттері, Жамбыл облысы «Азаматтық альянсы» ЗТБ заңгері - А.Зайнутдинов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы - А.Ажибаев, АҚҚК қоғамдық бірлестігінің президенті - И.Федорова қатысуымен өтті. Кіріспе сөзден соң аталмыш тақырып аясында шара спикерлер дәрістері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлық туралы түсініктер берілді. Білім беру проблемалары әлеуметтік даму мәселелерімен тығыз байланысты. Ұзақ уақыт бойы қоғам сыбайлас жемқорлық проблемаларын талқылаудан аулақ болды. Қазір тақырып талқылауға ашық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ашықтығы - табыстың кепілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл бүкіл қоғамның ісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – өзекті мәселе. Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтан бас тартуын тәрбиелеу - мектептің ең маңызды міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің мақсаты - жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті құндылықтық қатынастарды қалыптастыру және дағдыларды дамыту. Бұл нәтижеге жету үшін баламен әр түрлі жас кезеңдерінде жұмыс істеу керек. Бастауыш мектепте мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажеттігі арта түсуі керек – шара қорытындыланды. Шара соңында ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Абдурахман Зайнутдинов,
Жамбыл облысы «Азаматтық альянсы» ЗТБ заңгері

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить