Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне құжатын тапсырушы талапкерлер және олардың ата-аналарымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында, «Адалдық- адамдық белгісі» диалогтық алаң өткізді. Жоба коучы - Ф.Бизақова өз дәрісінде отбасы - бұл біздің балаларымыздың санасының бастапқы қалыптасуындағы басты қадам, ол қоғамның алғашқы баспалдағы, соның арқасында болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізгі қаланады. Содан соң балабақша, мектеп, колледж, институт және т.б. Сонымен сыбайлас жемқорлықпен күресте отбасының атқаратын ролі өте зор, себебі тәрбие бастауы отбасы, онда жасұрпақ адалдық, адамгершілік, парасаттылық, еңбекқорлық және әділдікке үйренеді. Қоғамның алдында тұрған мәселелерді шешудің рухани алғышарттарын жасай отырып, жас ұрпақ бойында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру мәселесі бүгінгі диалогтық алаңның басты мақсаты. Осы орайда білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру басты назарда болуы керек – деп ата-аналарды ашық диалогқа шақырды. Ашық әңгімеде белсенділікпен, көпшіліктің пікірімен санасып, өз ойларымен бөлісті. Кері байланыста «Адалдық- адамдық белгісі» - ол дегеніміз баланы алдына мақсат қойып, оған адал еңбектің арқасына жетуге және өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауды дағды ретінде сіңіру керек - деп ой топшылады. Әр адамның тәрбиелі болуы отбасында алған тәрбиесінен – деп тарқасты. Шара соңында ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сүйімқұл Нұржан
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің мененджері

 

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить