Рейтинг: 5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» аясында «Адал бол» атты кездесуі өтті. Аталмыш шараға Жамбыл медициналық жоғары колледж студент жастары қатысты. Колледжде білімгерлер және мекеме мұғалімдері мен қызметкерлері үшін «Саналы ұрпақ» және «Адалдық» дүкені жобасы 5 бағытта қызмет жасайды. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; жастардың өз ісінде ашықтығы, адалдығы; білім беру және медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ілгерлету; ақпараттық қолдау бойынша жұмыс атқараты. Сонымен адалдық дегеніміз – ашық, шыншыл қарым-қатынас. Адалдық - адам бойындағы бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер - деп ой тұжырымдады. Студент жастар адал болуға бірін-бірі шақырды. Шара соңында ынталандыру сыйлықтары табысталды.

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить