Рейтинг: 5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып, «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ тапсырысымен Жамбыл облысы бойынша үйлестіруші - Жамбыл облысы «Азаматтық альянсы» ЗТБ, «Өз құқығымды білемін – лайықты өмір сүремін» диалогтық алаңы өтті. Мақсаты, бір жағынан, халықтың бұрыннан бар құқықтық сауаттылығын арттырудың мүмкіндіктері мен ресурстарының алуан түрлілігін қарастыру, екінші жағынан, проблемалық аймақтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу. Маңыздылығы, «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын жүзеге асырудың механизмдерін қалыптастыруды пайдалану арқылы толық мағлұматтар беру. Диалогтық алаң танысумен басталды, онда «Аты-жөніңіз; Қайдан келдіңіз?; Жұлдызнамаңыз; Бұл жерге келудегі мақсатыңыз? - сұрақтары арқылы үш бұрышты парақшаға өздері туралы жазу және шара барысында бір-біріңізге аты-жөніңізбен және ешкім қарсы болмаса, «сіз» деп сөйлесу ұсынылды, қатысушылар кызығушылықпен қатысты. Модератор кіріспе сөзінде: «Өз құқығымды білемін – лайықты өмір сүремін» диалогтық алаңы аясында «Кеңес» онлайн-кеңес беру қызметі жұмыс істейді, одан ауыл тұрғындары құқықтық мәселелер бойынша кеңес алуға жүгіне алады. Шағымды / сұрақты кез-келген ыңғайлы тәсілмен жіберуге болады: онлайн кеңесші - http://trinta.kz/kenes, whatsapp, дыбыстық пошта +7-707-650-43-80, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.. - таратпа материалдарын пайдалана алады. Диалогтық алаң қатысушылары ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың тыныс-тіршілігі қандай, өз құқығын жете біледі ме, осы орайда нені білуі керек? - деген сауалдар осы уақытта бәрімізді алаңдатып отырғандығы белгілі – дей келе осы тақырып айналасында ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Осы орайда ашық әңгімеде шара қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Ой пікірлерін ұсыныс парақшаларына қалдырды. Келесіде «ТРИНТА» ЖҚ-ы белсенділер назарларына, одан әрі талқылауға негіз бола алатын «Ауылдық елді мекендердің тұрғындары» қатысуымен экспресс-сауалнама нәтижелерінің толық мәліметі берілді. Экожүйе. Әртүрлі мемлекеттік органдардың функцияларына белгілі бір жолмен құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыру және кеңес беру процестері кіреді. Іскер ортадағы «экожүйе» сөзінің өзі бізге жаратылыстану ғылымдарынан келді. экологиялық метафора іскерлік ортада қолданылады - ұйым, сала табиғи жүйе, «тірі» организм ретінде қарастырылады. Ендеше, сіздерге ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін экожүйе құру ұсынылумен қатар, ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған қызметтердің, кеңестердің, түрлі үн парақтардың және басқа да өнімдерді басшылыққа ала аласыз. «Менің құқықтарым, бостандықтарым мен міндеттерім» ҚР азаматтарының құқықтарының түрлері таратпа буклеттер негізінде танысуға болады (барлық мәліметтер презентацияда 1-15 слайдтар арқылы берілді). Қорытынды бөлімде, «Біз өз құқығымыз туралы не білуіміз керек?», онда қатысушылар 4 топқа бөлінуі арқылы талқылауға арналған негізгі 4 сұрақтар айналасында қызу талқылау жүргізді, ой қорытты. Шара соңында «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы шеңберінде «Өз құқығымды білемін – лайықты өмір сүремін» диалогтық алаңы, оның қатысушыларынан ерекше қолдау тауып, осындай бағыттағы жұмыстар жалғасын табуына ұсыныстар айтылды. «Өз құқығымды білемін – лайықты өмір сүремін» атты мақсатты шара туралы диалогтық алаңға белсене қатысқандардың ой түйінін түйіндегеніне барлық қатысушылар дән риза болды. Жұмыс жағдайында диалогтық алаң әрбір қатысушысының аталмыш шаралардан кейін көзқарасы мен ой-пікірі күрт өзгеріп, барлығы да туыс сияқты, өздері айтқандай қызу талқылаудың бел ортасында қызығушылықпен тыңдауға және оқуға кіріскенін тілге тиек етті. Сонымен диалогтық алаңнан алған мағлұматтар қатысушылардың түпкілікті ой санасын өзгеруге түрткі қызметін атқарды. Келесі жолы аталмыш тақырып туралы ақпаратын барынша арттырып, аса жоғары дайындықпен келетіндіктерін сөз еткендер де болды. Осындай шараларға қатысуға мені де міндетті түрде шақырыңыз - дегендер де болды. Алынған нәтижеге сәйкес шара барысында жоспарланған іс-әрекеттің барлығы жүзеге асырылды. Диалогтық алаңға - 15 адам жоба қатысушылары: олар ауылдық жерлерде міндеттерін алып жүрген ҮЕҰ белсенділері және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар. «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру" жобасы бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру және іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар туралы қатысушылар оң мағлұмат жинақтады.

Ақыл-кеңес сұрау үшін байланыс: Жамбыл облысы “Азаматтық альянсы” ЗТБ, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., ұялы тел. +7 701 802 57 88.
Жамбыл облысы бойынша үйлестіруші -
Жамбыл облысы “Азаматтық альянсы” ЗТБ.