Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Жамбыл облысы бойынша КХА мүшесі, тарихшы, зерттеуші, сарапшы, «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов кіріспе сөзінде: «Өзбектер» (өз. О/zbek, О/zbeklar) – ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 млн - дай адам. ТМД шеңберінде соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР - да, т.б. алыс шет елдерде де өмір сүреді. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. (87,6%) Қазақстанда 81 дана өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет, журналдар шығарылады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді. Өзбектердің дәстүрлі кәсібі – егіншілік, сауда және ұсталық, ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер. Ұсталықтың әр түрлі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару т.б.) дамығаны туралы айта келе, қадірлі қонақ, өзбек өкілі Муновар Каримова сөз берді. Каримова Муновар өз дәрісінде: Әйелдердің ұлттық киімдері туралы сөз қозғады. Әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киген. Бас киім әйелдерде – тақия, орамал. Дәстүрлі аяқ киімі тері етік. Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді. Қатысушыларды бүгінгі көрмеде өзбек әйелдерінің ұлттық нақыштағы киімдері жаңа өрнекпен, күнделікті өмірде де киіп жүруге де лайықталып тігілген бұйымдары мен аяқ-киімдерімен таныстырып өтті. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады.


- Ассалому - алакум!


- Хайрли кун!

Ерлер ғана бірі-бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір-бірінің денсаулығын, жағдайларын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып амандасады. Келген қонаққа: Яқин ва азиз қуноқ. Утириб олинг! Осылай қарсы алып, сосын қонақтарды үйге кіргізіп дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа отырғызады. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы – палау. Басты сусыны – шай, көбіне көк шай. Өзбек халқына тән қасиет, олардың қонақжайлылықпен дастархан басына шақыруы. Кез келген отырыс шай ішуден басталып, шай ішумен аяқталады – деп әңгімесін аяқтады. Келген қонақтар қонақжайлық танытқан достарына, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, дастарханнан ауыз тиді. Осындай шаралар жалғасын тапса ырыс алды – ынтымаққа әкелері сөзсіз.

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі