Рейтинг: 5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 
Жуырда Тараз қаласында өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектебі оқушылары мен мұғалімдері қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысына тарихшы, зерттеуші, сарапшы, Жамбыл облысы бойынша ҚХА мүшесі, «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі басшысы - А.Зайнутдинов, «Уникум» қоғамдық бірлестік директорының міндетін атқарушы, грузин этносының өкілі - Л.Ахметова шақырылды. Алғашқы сөз алған А.Зайнутдинов өңірде Ассамблеяның тарихы 90-шы жылдардың екінші жартысынан басталса, онда этномәдени бірлестіктердің жандануы сонау 80-ші жылдары КСРО кезінде қайта құру дәуірінде, мәселен Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі 1986 жылы 6 қазанда құрылды. 1989 жылдың сәуірінде КСРО Президентінің «Қоғамдық бірлестіктер туралы» жарлығынан кейін өзбек этномәдени бірлестігі Жамбыл қаласында тіркелді. 1991 жылы 16 қарашада 4-ші құрылтай жиналысында Ермат Нормович Парпиев төраға болып сайланды. 2005 жылдың қыркүйегінен бастап Муминов Бахрам Тоқтасынұлы президент болып сайланды. Халқы - 28500 адам. 2016 жылдың 31 қазанынан бастап «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігін басқарып, халық үшін қызмет жасап отырмын. Орталықта Балтаходжаев Абдурашид Абдумуталович жетекшілік ететін «Бахт» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар. Спикер оқушыларды әңгімеге тарта отырып, өзбек тілінде дәрісін жалғастырды. Отанымыз Қазақстанға қызмет ету үшін білімді болыңдар, біздің басты мақсатымыз ел бірлігі мен келісім, достық оны сақтай біліңдер деп дәрісін тамамдады. Келесі де сөз алған Л.Ахметова грузин халқының мәдениеті мен дәстүрлері туралы айта келе, Грузин халқының суретшісі Пиросмани өзінің қысқа өмірінде жазып кеткен туындысының бірі ғашық болған Француздың белгісіз әртісіне арнады. Әртіске ғашықтығын білдіріп құшақ гүлдер сыйлау үшін үйін сатады. Өмірінің соңғы күндері паналайтын жері жоқ аштықта өтеді. Өмірден өткеннен кейін Пиросманиге арнап жазылған ән «Миллион алых роз» жарық көреді. Кері байланыста жастар дәріске қызығушылық танытып, қонақтарға алғыстарын білдіріп жатты. Тараз қаласында барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. «Ұлттық рухтың басты қайнары - ел бірлігі мен келісім» - деп ой қорытты.

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі