Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Ата-аналарға  баласы дені сау болып өсіп дамуы үшін, оны оттан қорғау жолдарын, отқа қатысты қауіпсіз жағдайды қалай жасауға болатынын  салмақты ойланатын кез келді. Олардың қызықты және денсаулығына пайдасы бар өсуі мен дамуы үшін өрт қатынасындағы қауіпсіздік жағдайын  қалай жасау керек. Балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда өздеріне ермек іздейді Сондай кезде көзіне бірінші болып түскен шырпы ( сіріңке ) өрттің себепшісі болады. Ересектерге ұқсап  тәжірибе жасап көргісі келген бала шырпымен қағаз жағып, электрмен қыздырылатын құралды электр жүйесіне қосып немесе өз бетімен алау жасап көруі де мүмкін. Шырпыны дұрыс қолдана білмеуі кесірінен, бұл жағдай соңында баланың өзіне де, қоршаған ортаға да қайғылы аяқталады. Ересектерден үлгі алатын балалар кейде шылым  шегіп көруі де мүмкін. Бұған әрине, баланы үйде қараусыз қалдыратын, шырпыны баланың қолы жетпейтін жерге қоюды білмейтін және оның қауіптілігін түсіндірмейтін ата – аналар кінәлі. Кейде ересектер ошаққа от жағуды немесе газ плитасының жанып тұрған конфоркасын, электротұрмыстық құралдарды бақылауды тапсыру арқылы балаларды бақытсыздыққа өздері итермелейді. Әсіресе, балалардың ересектердің көзінен таса жерлерде: құрылыста, шатырда жертөледе от жағып ойнауы қауіпті болып келеді. Ондай кезде бала бақылаудан шыққан от жалынын көріп, сасқалақтап қалады да, нәтижесінде ауыр жарақаттанады немесе өлімге душар болады. Бірақ мұндай қайғының алдын – алып, болдырмауға да болады. Ол үшін балаларға әрдайым отпен ойынның қауіптілігін түсіндіріп, шырпыны тұтандырғыш заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде сақтап, сәбилерді үйде қараусыз қалдырмау қажет. Бұған қоса, баланың кінәсінен болған өрт кезінде үшінші тұлға зардап шеккен жағдайда, онда баланың ата –анасы бұл үшін әкімшілік тәртіпте жауап беретінін есте сақтау керек. Сот зардап шегушінің арызына сәйкес, баланы қараусыз қалдырған ата-анадан өрттен келген шығын суммасын өндіріп алуға құқылы. Шырпы баланың ойыншығы емес екені белгілі. Көпшіліктің ащы тәжірибесі бұл жағдайды растады.отпен абайсыз қатынас қауіпсіздігі туралы әңгіме қозғалса кейбіреулер оған күдікпен қарайды. Бұл насихаттың қажеті қанша дегендей? Біз үлкен адамдармыз, барлығын түсінеміз. Бірақ іс жүзінде дәл осы адамдар сіріңке мен оттық шақпақты балалардың қолы жететін орындарда сақтайды, кішкентай балаларын қараусыз қалдырады. Осындай ұқыпсыздық әрқашан өртке әкеп соқтырады, осы ережеден шегінудің әрбіреуі олардың пайда болуына себеп болады. Қоршаған ортамен танысу, ересектерден үлгі алу, оларға ұқсағысы келу балаға тән нәрсе. Ересектердің қолындағы оттың пайдасын көрген баланың оған деген қызығушылығы артады. Бірақ, баланың әкесімен бірге орман ішінде, алаудың жанында немесе үй жағдайында жанып тұрған оттың қасында отыруы басқа, ал ересектер жоқ кезде шырпы немесе тұтандырғыш затты алып отты өзі жағуға тырысуы мүлде басқа жағдай. Сондықтан да міндетті түрде балалармен  өрт қауіпсіздігі жөнінде әңгіме жүргізіп, оларға отпен ойынның қауіптілігін, оның салдарын түсіндіріп, сәбилерден шырпы және басқа да тұтандырғыш заттарды аулақ ұстап, ал естияр балаларға электроқұралдарды қолдану тәртібін түсіндіру қажет. 

 

Тараз қаласы төтенше жағдайлар

басқармасының инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Жанболат Ережепов

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить