×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items

Рейтинг: 5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және физика-математикалық және биологиялық факультеттерінде алғашқы студенттерді қабылдау туралы бұйрық қабылданды.

Содан бері ҚазҰУ Қазақстан экономикасын, мәдениетін, ғылымы мен білімін қалыптастыруға және дамытуға зор үлес қосып, бүкіл Орталық Азия аймағындағы сапалы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнына айналды. Жоғары сапалы білім, халықаралық тану, белсенді зерттеу және дамыту, инновация, ең мықты факультеттер және дарынды түлектер - бұл бүгінгі күні, ҚазҰУ-дың мақтанышына айналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен, сыйластық пен шынайы достықтың ордасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол жоғары оқу орны.

ҚазҰУ-дың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес оқу процесін толықтай жаңғырту, білім мазмұнын әлемнің танымал жетекші университеттерімен сәйкестендіру мақсатында оқу бағдарламаларын әртараптандыру қарастырылған.

QS Агенттігінің 2019 жылы өткізген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша әлемдегі ең үздік университеттер арасында 207 орынға ие болды. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). 

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.

Бүгінгі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын, толық білім мен ғылым беру кешені болып табылады. Біздің университет Қазақстанның болашағын дайындайды деп айтуға болады, өйткені біздің түлектеріміздің басым көпшілігі қазақстандық қоғамның элитасына еніп, ел дамуының векторын қалыптастыруға қатысады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Жунисова Г.Е.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить