×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items
Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдармен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін–бірі түсінбес еді», - деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон «Біздің ғасырымыз – машина ғасыры, сондай-ақ ол бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», - дейді.

Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді қызметтерді орындауды үшін қажет. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жағдайға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған   бухгалтерлік есеп жұмысы ұйымдардың қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар   оның   алдағы   уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез-келген елде   бухгалтерлер мамандарын   барынша   білімді етіп даярлау   сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан   тұрақты дамуына кепілдік береді.

Бухгалтерлік есеп ұйымды тиімді басқарудың бір құралы болып табылады. Әлемнің барлық оқу орындарында бухгалтерлік есеп студенттер үшін маңызды пәндердің бірі болып саналады.

Осыған орай, қайнар білімнің қара шаңырағы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Экономика және Жоғары Бизнес Мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы еліміздің экономикасының қарқынды дамуына үлес қосатын білікті жас кадрлар даярлауда ерен еңбек етіп келеді.

«Қаржы және есеп» мамандығының ауқымы өте кең. Оған дәлел ретінде, студент түлектердің, яғни жас мамандардың жұмысқа орналасу мүмкiндiгi шексіз. Олар әр түрлі қызмет саласында бухгалтер, аудитор, жоспарлау-экономикалық бөлiмiнiң маманы, бақылау-тексеру бөлiмiнiң маманы, бас бухгалтер, қаржы директоры ретінде жұмыс істеумен қатар аудиторлық қызмет көрсету, бухгалтерлердің қызметін ұсыну, консалтингілік қызмет түрлерін көрсету фирмаларын ашу, табысты бизнесті жүргізудің де озық үлгілерін еркін меңгерумен қатар, өзге мамандармен тәжірибе алмасып, өз бағытын таңдауына жол ашық.

Ертеңгі ел экономикасының болашағын берік қалап, өзіндік үлесіңді қосып, өз мамандығыңның кәсіби майталманы болғысы келетін дарынды, ізденімпаз, еңбек сүйгіш жас өрендерді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы құшағын жая қарсы алады.

                                                                                                                                                                                                                                 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Жунисова Г.Е.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить