Семья с годовалым малышом погибла в ДТП в Жамбылской области: МВД обратилось к казахстанцам
/0 Отзывы/от redaktorДіни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік
/0 Отзывы/от admin
Шара модераторы Салтанат Байтілеқызы Иманова (Байзақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы) «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған» оқыту семинары «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналады. Онда тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жүргізу арқылы дін және діни нанымдардың тарихы туралы жалпы білім беру, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру — дей келе, семинар бағдарламасы мен дәріс беретін спикерлерімен таныстырды: Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамындағы Дінтану орталығы бас маманы); Фатима Әбдіқызы Бизакова (Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі төрайымы, психолог-коуч).
Оқыту семинарының жоспарына сәйкес спикерлер дәрістер оқыды:
— Зайырлылық туралы. «Зайырлық және дінтану негіздері» курсының оқыту жүйесі мен өзектілігі Алпысбаев Б.Қ. | |
— Білім беру жүйесіндегі діни сауаттылықты арттырудың ерекшеліктері Алпысбаев Б.Қ. | |
— Қоғамдағы жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың жолдары Алпысбаев Б.Қ. | |
— Конфессияаралық және дінаралық қатынаста сақтаудың негізгі жолы діни сауаттылықта жатыр. Алпысбаев Б.Қ. | |
— Дін мәселесіндегі этнопсихология және этномәдени жүйелердің өзара ықпалдастықтары. Бизақова Ф.А. | |
— Теріс діни ағымдардың экспананциясына рухани психологиялық иммунитет қалыптастыру. Бизақова Ф.А. |
Қорытындылай келе, жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік тәрбие ісі білім беру жүйесін ізгілендіру. Дінтану зайырлы қоғамда діни және діни емес көзқарастарға құрмет пен төзімділікке баулу. Жастар бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру дәрісі психологиялық жаттығулармен бекітіліп, қатысушылар сұрақтарына талдау жасалды.
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі
Жүзуден жарыс
/0 Отзывы/от adminТараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінің бассейн залында жастар арасында спорттың жүзу түрінен өткен жарыстың ашылуында сөз алған А.Каукешова (Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры) қатысушыларға ептілік, жылдамдық пен тапқырлық, сәттілік тіледі. Келесіде, спорттық жарыстың талап-шарттарымен бас төреші С.Райсов таныстырды. 26-маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай есірткімен күресте «Есірткісіз болашақ!» ұранымен жастар жүзуде бар күш-жігерлерін салды. Жарыс жеңіпаздары анықталды. Спорт — денсаулық кепілі – дегендей спорттың жүзу түрі барысында жарысқа түскен жастар қошеметпен марапатталды. Жарыстың барлық жеңімпаздарын осынау жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі