Нашақорлық тағдыр тауқыметі
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжінің студент жастары Айгерим Асанқызы Каукешова (Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры); Айгуль Алмахановна Абдикалыкова (ЖОПДО) әлеуметтік қызметкерімен кездесті. Ашық әңгімеде «Тағдыр тауқыметі» қайдан пайда болады? Осы бір жан дүниемізді толғандыратын сұраққа жауап іздеп көрелік. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан кезеңде ішімдік, нашақорлық деген кесел қоғамымызға таралып, жастарымыздың санасын улауда. Қазақстан Республикасындағы есірткі қылмысына қарсы күрес проблемалары есірткі, психологиялық заттарды қолданылатындардың артуына және жасөспірімдер мен жастардың арасында келеңсіз жайттардың көбеюіне байланысты. Осы орайда бейнекөрсетілім арқылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды ілгерлету, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға жұмылдыру қажеттігі атап көрсетілді. Тағдыр тауқыметіне түсіп, жан күйзелістеріне ұшыраған жандар арамызда жиі кездесіп жатады. Ұлы Абай айтқандай, әрбір қиындықтарға күйзеліп, таусыла берудің қажеті жоқ. Барлық ауыртпашылықтарды санамен саралап, келешекті ойлаған дұрыс. Ұлтымыздың болашағы өз қолымызда. Сондықтан, халқымыздың ізгі қасиеттеріне, рухани құндылықтарына бой түзегеніміз абзал — дей келе қонақтар жастардың көкейде жүрген сұрақтарына толық жауаптар берді.
Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі