Pепродуктивті денсаулық

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында студент жастар мен оқытушылары арасында жас отбасыларға арналған, балалы болуды жоспарлау, тәрбиелеу, ажырасуды алдын алуға бағытталған «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжі «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар тақырыбында «Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы және өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Сол өмірді дүниеге әкелетін әке мен ана денсаулығы қоғамды толғандырады. Репродуктивті жас, өмірге дені сау ұрпақ әкелу, халық санын арттыру үшін тек әйел-ана денсаулығын жақсарту ғана жеткілікті ме?, Қандай алдын-алу шаралары ата-анаға ұл мен қыздың денсаулығын сақтауға септігін тигізеді? Осы орайда Репродуктивті денсаулық туралы  туындаған сауалдар айналасында ақпарат берілді.

Репродуктивті денсаулық — дегеніміз дүниеге дені сау бала әкелуге мүмкіндік беретін адам денсаулығы — деп түсіну керек. Репродуктивті жас — 15 жастан 49 жас аралындағы жас. Репродуктивті  денсаулық — жауапты және қауіпсіз сексуальді өмір сүріп, сонымен қатар қай кезде және қанша ұрпақ қалдыруды өзің шешуге мүмкіндікті бейімдейді. Репродуктивті денсаулықты қорғау мақсаты: өмір сапасын жетілдіру және жыныс жолымен  таралатын аурулардың алдын алу болып табылады. Әр ата-ана 16 жасқа келгенше өз баласы, оның денсаулығына жауапты. Бүгінде ана мен бала ден­сау­лы­ғына да мемлекет тарапынан ай­рық­ша көңіл бөлініп отыр. Ерлер денсаулығы бүгінгі таңда денсаулық саласының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Отбасындағы ер азаматтың денсаулығы мықты болса, сол шаңырақ мүшелерінің де денсаулығы мықты, әлеуметтік жағдайлары дұрыс болады.

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

«Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы»

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында №12 Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде ата-аналар, студент жастар мен оқытушылары арасында жас отбасыларға арналған, балалы болуды жоспарлау, бала тәрбиеcі, ажырасуды алдын алуға бағытталған «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар. Отбасында берілген «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы».

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бес бағытта жұмыс атқарады.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 1-бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру деп белгіленген. Білім беру жүйесіндегі адалдық алаңдары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатын көздейді. Кездесуде мектеп жастары мен мұғалімдері өз түсініктерінде сыбайлас жемқорлық, адамдардың жемқорлыққа бару себептері, жемқорлықтың зардабы туралы, ал жемқорлық — адам қолымен жасалынған жамандық, зұлымдық — ол тұғырыққа әкеледі — деп ой қорытты. Келесі де, таратпа материалдар, адалдыққа бағыттайтын бейнероликтер көрсетілімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда жастардың өз ісінде ашықтығы, адалдығы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ілгерлету, ақпараттық қолдау табу қызметі жүзеге асты.

Адалдық ол — ашық, шыншыл қарым-қатынас, адам бойындағы бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер — деп шара қорытындыланды.

Сүйімқұл Нұржан

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі мененджері

«Дін — тәрбие діңгегі»

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүргізу» жобасы

Жуырда «Қызыл жұлдыз» ауылдық округі, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп жастары мен мұғалімдері қатысуымен «Дін — тәрбие діңгегі» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар спикері — Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы) тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында дін жайында, дәстүрлі діни таным мен дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ой қозғады және жастарды осы бағытта адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығы және жастар бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дінсіз адам болса да дінсіз қоғам болмаған. Дін адамды бақытқа жеткізеді. Діннің қызметі тұлғаға өзінің психологиялық мәселелерін шешуге көмектеседі. Дін адамдарды біріктіретін рухани күш. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаймыз.

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» жобасы аясында өткен «Парасаттылық – басты ұстаным!» (№1 мектеп-гимназиясы), «Адал бол» кездесу (Сарыкемер, Н.Ақшабаев) орта мектептері негізінде ұйымдастырылды.