Городская газета Новый Регион

«Жас қаламгер» байқауының қорытындысы

0 107

Облыстық «Новый регион» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған қашықтықтан өткізілген Облыстық «Жас қаламгер» байқауының қорытындысын шығарды.
Байқау Жамбыл облысының ЖОО, орташа мамандандырылған оқу орындарының білімгерлері мен жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында екі тілде (қазақ, орыс) өткізілді.
Байқаудық негізгі мақсаты мен міндеттері: Қазақстан жастарының бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, балалардың өз елінің тарихына деген қызығушылығын дамыту, қолдау көрсету, зияткерлік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, журналистика саласындағы жас дарындарды анықтау.
Жұмыстар құзыретті әділ қазылар алқасымен бағаланды: журналистер мен бас редактор. Қазылар алқасының шешімімен әртүрлі жас санатындағы үш қатысушы бірінші дәрежесі дипломға ие болып, жеңімпаз атанды. Атап айтқанда:

Сұлтанова Аружан Ерболқызы – Тараз қ., Төле би атындағы №8 гимнащияының 11 сынып оқушысы, байқауға ұсынған жұмысының (эссе) тақырыбы: «Ұлы даланың бақытты ұланымын», жетекшісі Сембаева Бекзат Пернебековна.

Марғұлан Әлкей – Тараз қ., И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы, байқауға ұсынған жұмысының (эссе) тақырыбы: «Казахстан и Независимость».

Тян Милана – Тараз қ., А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның 7 сынып оқушысы, байқауға ұсынған жұмысының (әңгіме) тақырыбы: «Моя родина — Казахстан».

Облыстық «Новый регион» газетінің редакциясы барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне үлкен алғысын білдіреді, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!
Облыстық «Новый регион» газетінің редакциясы

Источник
Оставить Комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован где либо.