Тәрбие тал бесіктен
«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында Абай атындағы жоғары гуманитарлық колледжі студент жастары мен оқытушылары қатысуымен жас отбасыларға арналған, балалы болуды жоспарлау, тәрбиелеу, ажырасуды алдын алу, «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырыс қонақтары отбасы құндылықтары, отбасы жетістіктері, бақытты да, парасатты отбасын құру үшін қандай қасиеттер қажет деген сауалдар айналасында ой өрбітті. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, парасатты отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады.
Ардақ Жантаева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы,
PhD докторы, «Аналар» кеңесінің төрайымы.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!