Жапырақ тамырдан нәр алады
Тараз өңірлік университетінің аналар кеңесінің мүшелері мен университеттің инклюзивті білім берудегі психологиялық орталықтың жетекшісінің ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығында Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиешілері мен жасөспірімдері кеңес беру алаңында кездесті.
Қонақтарымыз осы аталған іс-шарада өз пікірлерін айтып, отбасының негізгі құндылықтарына баса назар аударып, еліміз үшін келелі мүмкіндіктердің жемісі болмақ екенін және өскелең ұрпақ үшін қажет дүние екендігін атап көрсетті.
Бүгінгі таңда қоғамда отбасы және бала тәрбиесінде қазіргі таңда қоғамымызда кикілжің оқиғалар туындап отырғандығын тілге тиек етіп, осы мəселені әрі қарай қиындатпау үшін осы орталықтың тәрбиешілер қауымы бірге жұмылып ұрпақтарымыздың бейбіт өмір сүруіне, ұлт болашағын тәрбиелеуде елеулі еңбек етуіміз қажет екендігі туралы ақпараттармен бөлісті. Аталған кеңес алу кездесуі Тараз өңірлік университеттің инклюзивті білім берудегі психологиялық орталықтың жетекшісі Үсенова Сандуғаш осы үдеріске Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бабының 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінген деп атап өтті. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын — Отбасы. Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады, мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.
Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі, ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды. «Жапырақ тамырдан нәр алады» — дейді халқымыз. Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен ортасынан алады. Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді, адал болуға және Отанын сүюге шақырады.


Кездесу соңында жасөспірімдердің көңіл-күйлері көтеріліп, өздерінің көкейлерінде жүрген ой-пікірлерімен бөлісті, келген қонақтармен бірге психологиялық тренингктерге қатысты. Сый-сыйапаттар тарту етілді.
Ардақ Жантаева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы,
PhD докторы, «Аналар» кеңесінің төрайымы.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!