Отбасында мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, «Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» мақсатында «Парасатты отбасы» отбасылық құндылықтар тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, Жамбыл медициналық жоғары колледж студент жастары арасында ұйымдастырды.
Отырыс қонағы заманына сай интеллектуалдық, зиялылық таныта білген, Тараз қалалақ «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, көпбалалы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері — Жазыбаевтар отанасы Салтанат Қадырова отбасылық құндылықтар туралы құнды пікірлерін ортаға салды.
Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады. Нақ отбасында мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасқа да байланысты – дей келе, бойжеткендерге ақыл-кенестер ұсынды. «Балаға берілген бірінші тәрбие — ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады» дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» — деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектепте алған тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді.
Отбасының мақсаты — біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы — бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес екендігін, сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы — бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық. Жасөспірімдер қонақтар әңгімесін тыңдау арқылы алған әсерлерін алғыспен жеткізді. Сіздер де бүгінгі дөңгелек үстел отырысынан алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін – деп қонақтар жастармен қош айтысты.
Ардақ Жантаева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультетінің аға оқытушысы,
PhD докторы, «Аналар» кеңесінің төрайымы.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.