×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items
Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
Все знают, что газ опасен, но, пользуясь им, длительное время, люди привыкают и теряют бдительность.

Для того чтобы использование природного газа в быту не представляло опасности для жизни проживающих там людей, необходимо неукоснительно соблюдать и выполнять требования Правил пользования газом в быту, с которыми знакомят абонентов работники газовых хозяйств при подключении их квартир или домовладений к газовым сетям.

Абоненты обязаны следить за нормальной работой газового оборудования, тягой в дымоходах отопительных печей и аппаратов, а по окончании пользования закрыть краны на газовом приборе и на отпуске к нему.
В зимне-весенний период происходят резкие перепады температуры наружного воздуха и увеличение скорости ветра, в результате чего возможно обмерзание оголовков дымовых труб, попадание в дымоходы посторонних предметов и тяга в дымоходах ухудшается или может быть обратной. В ночное время ни в коем случае нельзя оставлять работающие газовые приборы без присмотра, тем более при включенной запальной горелке. При низкой температуре наружного воздуха не осуществляется прогрев дымохода, в результате чего происходит конденсация водяных паров в дымоходе. Водяные пары кристаллизуются и образуют пробки, перерывающие дымоход.

В этом случае продукты неполного сгорания природного газа (угарный газ) будут поступать в помещение. Поэтому, перед розжигом отопительных приборов обязательно надо открыть форточку и в течение 5 минут проветрить топку, дымоход и помещение.

Обязательно перед каждым розжигом и во время работы газовых приборов надо проверять тягу в дымоходе.

Это несложно. Поднести к смотровому окошку горелки полоску тонкой бумаги. Если полоска бумаги втягивается в сторону топки - тяга есть. Если же втягивание полоски не наблюдается – тяги в дымоходе нет, и есть причина побеспокоиться. Если печь исправна (не нарушена плотность кладки и отсутствуют трещины штукатурки), и тяга в дымоходе нормальная, зажгите запальник и только потом откройте кран основной горелки и зажгите ее.

К сожалению не все абоненты относятся к проблеме безопасности с чувством ответственности, о чем в последствии им или родным приходится глубоко сожалеть.

Напоминаем некоторые пункты Правил пользования газом в быту:

- запрещается самостоятельно подключать или ремонтировать газовые приборы, менять место их положения, пользоваться газом при нарушении кладки штукатурки (трещины) газифицированных печей и отсутствии тяги в дымоходах;

- нельзя оставлять работающие газовые приборы без присмотра и, особенно в ночное время, по этой причине могут возникнуть пожары, взрывы газовоздушной смеси;

- периодически очищать «карманы» дымохода;

- при малейшем появлении запаха газа в помещении необходимо принять меры к проветриванию помещения, открыв окна и двери, не включать и не выключать электроприборы и освещение, срочно вызвать аварийную газовую службу по телефону «104».

Согласно СН РК 4.03-01-2011 и СНиП РК 3.02-43-2007 требуется обязательное оснащение сигнализаторами загазованности с автоматическим отключением подачи газа при достижении в помещении опасной концентрации природного и угарного газа, каждого помещения, где установлено газоиспользующее оборудование.

Анализ расследований показывает, что большинство несчастных случаев, связанных с использованием газа в быту, происходит из-за неисправности отопительных печей, отсутствия тяги в дымоходах, оставления работающих газовых приборов без присмотра.

Следует помнить, что в соответствии с Законом Республики Казахстан «О газе и газоснабжении», ответственность за безопасную эксплуатацию работающих газовых приборов в домах, квартирах и за содержание их в надлежащем исправном состоянии несут их владельцы.

  Главный специалист Управления чрезвычайных ситуации города Тараз

подполковник гражданской защиты Айтбаев Талгат

ГАЗ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға үйреніп, қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады.

Табиғи газды тұрмыста пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін Тұрмыстағы газды пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажет. Аталған Ережелермен абоненттерді газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелеріне қосу барысында таныстырады.

Абоненттер газ құрылғыларының, жылыту пештері мұржаларының қалыпты жұмыс істеуін қадағалап отыруға тиіс, ал пайдалану аяқталғаннан кейін газ құрылғысының крандарын жауып қою қажет.

Қысқы-көктемгі кезеңде сыртқы ауа температурасы мен жел жылдамдығының күрт өзгеруінен мұржалардың жиектеріне мұз қатып, ішіне басқа заттар түсуі мүмкін. Сол себептен түтіннің тартуы нашарлап немесе кері шығуы мүмкін. Түнгі уақытта жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендегенде мұржаның қызбауы себебінен су буы кристаллданып, мұржаның ішіне мұз қатып, түтіннің шығуына кедергі болады.

Бұндай кезде толық жанбаған табиғи газ (улы газ) бөлмеге таралады. Сондықтан жылыту құрылғыларын жақпастан бұрын терезелерді ашып, бөлмені, от жағар орынды және мұржаны желдетіп алу қажет.

Газ құрылғыларын жақпастан бұрын және жанып тұрған кезде міндетті түрде мұржадан түтіннің тартуын тексеріп отыру қажет.

Тексерудің қиындығы жоқ. От жағар орынға жіңішке тегіс қағаз қиындысын жақындатыңыз. Егер қағаз қиындысы от бағытына қарай тартылса түтіннің тартуы қалыпты, ал егер тартылу байқалмаса түтіннің тартпай тұрғанын білдіреді. Егер пеш қалыпты (қалануы бұзылмаған, сылағы жарылмаған) болса алдымен тұтандырғышты жағып, тек содан кейін ғана негізгі жандырғыштың кранын ашып, жағыңыз.

Өкінішке орай, кейбір абоненттер қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарап, нәтижесінде өздері немесе туысқандары қайғыға ұшырап жатады.

Тұрмыста газды пайдалану ережелерінің кейбір тармақтарын естеріңізге саламыз:

- газ құрылғыларын өздігіңізден газ жүйесіне қосуға немесе жөндеуге, олардың орынын өзгертуге, пештердің сылағы жарылған кезде және мұржаларда түтін тартпай тұрған кезде газды пайдалануға тыйым салынады;

- жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға, әсіресе түнгі уақытта, болмайды. Салдарынан өрттер мен газ аралас ауаның жарылыстары болуы мүмкін;

- мезгілімен мұржаның «қалташаларын» тазап отыру қажет;

- бөлмеден газдың аздаған ғана иісін сезсеңіз есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені желдету қажет, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз және «104» телефон номерімен шұғыл түрде авариялық газ қызметін шақырыңыз.

ҚР ҚН-ға және ҚР ҚНЕ-ге сәйкес газ пайдаланылатын орынжайларды табиғи және иісті газдың қауіпті концентрациялары артып кеткен жағдайда газ беруді автоматты түрде тоқтататын сигнал құрылғысымен міндетті түрде жабдықтау талап етіледі.

Жүргізілген тексерістердің талдауы газды тұрмыста пайдаланумен байланысты қайғылы жағдайлардың көпшілігі пештердің ақауынан, мұржаларда түтіннің тартпауынан және жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыру себебінен болатынын көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Айтбаев Талгат

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить