×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items
Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
Сотрудниками Управления по чрезвычайным ситуациям города Тараз и «Служба пожаротушение и аварийно-спасательных работ» ДЧС Жамбылской области совместно с сотрудниками местной полицейской службой, проведены инструктажи с жителями жилого сектора «Тайвань» и «Химпоселок» о соблюдении требований пожарной безопасности в быту с вручением памяток о мерах пожарной безопасности в пожароопасный период.

Основной задачей при проведении подобных профилактических мероприятий является обеспечение безопасности каждого жителя и предупреждение печальных последствий халатного отношения к собственной безопасности.

В ходе проведенных бесед особое внимание уделялось соблюдению правил пожарной безопасности дома, на даче, на приусадебных участках. Жителям настоятельно рекомендовали не поджигать сухую траву и мусор, не допускать разведения костров вблизи жилых домов, хозяйственных построек и промышленных объектов, пресекать шалости и хулиганские действия с огнем детей и подростков, остановить пожилых родственников от необдуманных поступков, которые решили сжечь мусор на своей территории.

Так же, жителям напомнили, что при выявлении фактов поджога сухой растительности виновные лица могут быть привлечены к административной ответственности с наложением административного штрафа.

Каждый гражданин должен знать действия при пожаре:

- Немедленно позвоните в пожарную службу по номерам 101 или 112!

- сообщите диспетчеру четкую информацию о месте пожара и вероятной угрозе для людей. Назовите свое имя, номер телефона для получения дальнейших уточнений;

- до прибытия подразделений пожарной части необходимо быстро реагировать на пожар, используя все доступные способы для тушения огня (песок, вода, покрывала одежда, огнетушители и т. д.);

- закройте двери и окна, так как потоки воздуха способствуют распространению огня;

- отключите газ, электричество;

- если потушить пламя невозможно, в первую очередь - постарайтесь спасти людей. Затем уберите баллоны с газом, автомобили и все легковоспламеняющиеся материалы;

- открывая горящие помещения, надо быть максимально внимательным, так как новое поступление кислорода может усилить пламя;

- если есть дым, двигайтесь, пригнувшись, закрывая лицо, при необходимости закройте голову влажным полотенцем, обильно смочив водой одежду;

- если на человеке загорелась одежда, не позволяйте ему бежать. Повалите его на землю, закутайте в покрывало и обильно полейте. Ни в коем случае не раздевайте обожженного, если одежда уже прогорела, накройте пострадавшие части тела чистой тканью и вызовите скорую помощь.

 Инженер УЧС города Тараз

старший лейтенант гражданской защиты Утешов Бахытжан

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ

 

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің» қызметкерлері және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Тайвань» және «Химпоселок» тұрғын сектор аудандарында тұрғындарына өрт қауіпті кезеңдегі өрт қаууіпсіздік шаралары тақырыбында жадынамалар тарату арқылы тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқамалар жүргізді.

Мұндай профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде алға қойылатын басты міндет – әр азаматтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз қауіпсіздігіне салғырт қараудың қайғылы салдарының алдын алу.

Тұрғындармен әңгімелесулер барысында үйде, саяжайда, үйге іргелес учаскелерде өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуына жіті назар аудару ескертілді. Тұрғындарға үйлеріне, шаруашылық құрылыстарға, өндірістік объектілерге жақын маңда, құрғақ шөптер мен қоқыстарды жақпау, балалар мен жасөспірімдердің отпен ойнауына, бұзақылық жасауына, егде жастағы туыстарының өз ауласында қоқыс жағуына жол бермеу жөнінде кеңестер берілді.

Сондай-ақ, тұрғындарға қасақана от қою, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Әр азамат өрт кезіндегі әрекет ете білуі қажет:
- Дереу 101 немесе 112 нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз!
- диспетчерге өрттің орны және адамдарға төнетін ықтимал қауіп туралы нақты мәлімет беріңіз. Қажеттілігіне қарай ақпаратты нақтылау үшін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді беріңіз.
- өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін қолда бар құралдармен (құм, су, киіз, өрт сөндіргіш т.с.с.) отты сөндіруге тырысыңыз;
- есік пен терезелерді жабыңыз, ауа ағыны оттың таралуына жағдай жасайды; - газ, электр жүйесін ажыратыңыз;
- жалынды сөндіру мүмкін болмаған жағдайда, бірінші кезекте – адамдарды құтқаруға тырысыңыз. Одан кейін газ баллондарды, автокөлікті және барлық тез жанғыш заттарды өрт алаңынан алыстатыңыз;
- жанып жатырған бөлменің есігін ашқан сәтте барынша сақ болыңыз, оттегі түскен уақытта жалын күшейе түседі;
- түтін болса, тыныс алу жолдарын, қажеттілігіне қарай басыңызды сулы матамен жапқан күйіңізде еңкейіп немесе жүрелеп қозғалыңыз;
- адамның үстіндегі киімі жанып жатырса, оған қашуға жол бермеңіз. Жерге құлатып, қалың жамылғымен орап, көп мөлшерде су құйыңыз. Еш уақытта күйік шалған адамның киімін шешпеңіз, киім жанып кеткен жағдайда зақым келген дене мүшелерін таза матамен жауып қойыңыз және жедел жәрдем қызметін шақырыңыз.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Бахытжан Утешов

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить