• ЖСБ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 
Жаңа жыл мейрамын өткізгенде адамдар тек қуанышын ғана ойлайды, бірақ осындай мейрамдар өрттің шығуына қолайлы деп айтсақ,қате болмас. «Сақтықта- қорлық жоқ» деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Осы мейрам қаншама жас балаларға қуаныш алып келеді!  Сол уақытта  өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ұмытпайық?!

            Шырша - майлы ағаш болғандықтан тез жанатындығы бәріңізге белгілі. Оның тез  өртенуіне себепші: мақтадан, қағаздан жасалған, түрлі-түсті   электр лампаларынан безендірілген ойыншықтар, т.б. болады.Және  жарылғыштар немесе фейрверктердің азғантайғана бір шоқ ұшқыны болса жетіп жатыр... Бастапқы мәліметтер бойынша өрттің шығу себебі- фейрверктен болады.

Көбінесе, пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес келмей сатылады, яғни өнімдер ірі сауда нысандарында немесе оның жанында  орналасады, өрт сөндірудің қарапайым құралдары болмайды және сатушы төтенше жағдай болған кезде не істеу керек екенін де білмейді.

 «Өрт қауіпсіздігі ережелерінің» 190 тармағына сәйкес (одан әрі «Ережелер») сауда кәсіпорындарында пиротехникалық бұйымдарды сатуға тыйым салынады, ол тек арнайы сауда орындарында сатылуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдар орталық жылыту жүйесі бар арнайы дүкендерде сатылу керек,сондай-ақ аталмыш бұйымдарды сатуға арналған секциялар жоғарғы қабаттарда орналасу керек.

 Пиротехникалық бұйымдар металлды шкафтарда сақталуы керек. Шкафтарды төле жайларда(погреб, подвал) орналастырмау керек.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7.11.2011 жылғы №1303 Қаулысы бойынша «Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, қолдану, тасымалдау, жою ережелері» бекітілді. Белгіленген ережелерді ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында көруге болады (emer.kz).

Осыған байланысты, пиротехникалық бұйымдарды сататын адамдарға өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң орындауға шақырамыз.

Құрметті  ата-аналар,сіздерді алдымен өздеріңіз  өрт қауіпсіздік ережелерін қатал сақтап, балаларға үлгі болуларыңыз қажет және қаншалықты өрт қауіпті екенін түсіндірулеріңіз  керек. Сонымен қатар  жас  балаларды шыршаның қасында  жалғыз қалдыруғаболмайды.
         Жана жылда өрт қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтаңыздар, себебі сіздің үйінізге апат айтып келмейді!

Тараз қаласы  ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау капитаны   Дархан Қалдырбек

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

  • Актос