• ЖСБ

Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

 

Всем известно, что одной из сложнейших профессий мира, является профессия пожарного. Потому как именно они, ежедневно вступают в страшную схватку с огненной стихией, спасая жизни граждан и их имущество, в целом предотвращая их от серьезных бед.

.Однако не один из этих героев, ни разу не будет хвалиться числом спасенных жизней, они просто вежливо ответят «это наша работа». Одним из таких на сегодняшний день является и герой нашей статьи,старший помощник руководителя тушения пожара Дежурной службы пожаротушения Службы пожаротушения Департамента по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области, майор гражданской защиты Сартаев Арман Молдатаевич, который родился в 1974 году в городе Талдыкорган, но дество свое он провел в Луговом (нынешнем Т.Рыскуловском районе). Его отец – Молдатай,являлся высококлассным адвокатом, а мать- Гулдана, профессионалом в сфере медицины, которая внесла не малый вклад в развитие и процветание данной сферы и помогла большому количеству людей. У Сартаевых было 3 детей - 2 сына и 1 дочь, старший из которых Арман в 1989 году окончив местную школу имени Ш.Уалиханова, проявил желание обучаться в Специальной школе-интернат с военной профориентацией в городе Алматы, которую удачно окончил в 1992 году. После чего он поступил в Пожарно-техническое училище города Алматы. Именно там, Сартаев Арман понимает, что вот мечты его детства о форме и службе сбываются. Таким образом, окончив вышеуказанной училище, он в 1995 году свой трудовой путь начал с Пожарной части №4 города Алматы, в должночти начальника караула. Проработав в этой должности до 1999 года, Арман Сартаев продолжил свою карьеру в горнизоне Жамбылской области, в должности начальника караула пожарной части города Шу. Не смотря на постоянную боевую работу, с 2009 по 2011 годы Арман Молдатаевич работал старшим преподавателем в Учебном пункте, где подготовил не мало молодых специалистов. С 2011 года по сегодняшний день он занимает должность старшего помощника руководителя тушения пожара Дежурной службы пожаротушения Службы пожаротушения Департамента по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области.

За все время службы, он проявилсебя, как высококвалифицированный, трудолюбивый, стрессоустойчивый и порядочный сотрудник, который участвуя в ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, спасая жизни граждан и их имущество, не забывает делиться опытом с молодыми сотрудниками службы. Безусловно,вспомнив ряд происшествий в которых Арман Сартаев, проявил свой героизм, можно сказать, о том что мы свидетели всех этихсобытий, ведь он все помнит как-будто это было вчера.

К примеру, в июне месяце 2017 года произошел пожар природного характера в селе Коскудук, Мойынкумского района. По причине усиленного ветра, огонь быстро распространился, что затрудняло проведению работ по его ликвидации. Но несмотря на это, Арман Сартаев незамедлительно принял верные решения по работе сил и средств, благодаря чему личный состав справился с задачей.

С 15 по 17 июля 2017 года Арман Молдатаевич принял активное участие в подготовке и проведении командно-штабных учений «Химическая безопасность - 2015», проводимых в городе Тараз Организацией по запрету химического оружия. В ходе учебно- практической части учений он руководил действиями пожарных подразделений находящихся на территории Завода минеральных удобрений ТОО «Казфосфат», а также в ходе учений приняв ряд решений, проявил свой профессионализм, благодаря чему был удостоен положительной оценки международных наблюдателей данного мероприятия.

Также, совместно с личным составом Специализированной пожарной части №1 и Специализированной пожарной части №15 города Тараз, он своевременно определив тактику действий, эвакуировал более 50 человек, на безопасное расстояние, во время пожара в общежитии по улице Рахимова областного центра.

07 января 2017 года в 04 часа 07 минут, в Центральный пункт пожарной связи Центра по управлению силами и средствами поступило сообщение о   пожаре небольшого торгового центра «Мынбулак», расположенного по адресу ул. Б.Момышулы №52 города Тараз. По тревоге, согласно расписанию выездов гарнизона протиповожарной службы города Тараз, по вызову №2 (Ранг №2), были направлены силы и средства городских пожарных частей и оперативная группа. Прибывшие на место происшествия пожарные расчеты, и проведя оперативную разведку подтвертили номер вызова и доложили о следующем: на 1 и 2 этажах торгового центра «Мынбулак» произошел пожар, кроме того имеетя угроза распространения, в 5 метрах от происшествия расположен 5-ти этажный жилой дом и в 10-ти метрах торговый дом «Айырылмас». Общая площадь пожара составила 450 квадратных метров. По прибытию на место пожара А.Сартаев,   распределив силы и средства, незамедлительно принялся ликвидировать пожар, благодаря слаженным действиям личного состава и вовремя принятому решению, угроза распространения была приостановлена в кратчайшие сроки, а в итоге и вовсе пожар был ликвидирован.

В частности, во время своего дежурства в текущем году, Сартаев Арман Молдатаевич совместно с дежурными караулами Специализированных пожарных частей №1 и №15, а также Пожарной части №1, выехали на пожар жилого дома, по улице Болтирик Шешен города Тараз, где незамедлительно ликвидировали очаг возгарания и спасли мужчину, который находился в алькогольном опьянении. На месте происшествия пострадавшему была оказана необходимая первая доврачебная помощь. Кроме того, пожарные-спасатели предотвратили распространение огня на близкорасположенный жилой дом.

1 мая 2018 года в 09 часов 12 минут, на телефон 101 поступил вызов, о возгорании жилого дома по адресу улица К.Асабаева №1 села Турксиб, Жамбылского района, Жамбылской области. На место происшествия были направлены силы и средства Пожарной части №3 города Тараз, незамедлительно прибывшие на место пожара огнеборцы, провели разведку, по итогу которой выяснилось, что в доме находятся 3-ое человек, 2-ое из них дети. Дежурная служба пожаротушения прибывшая на место происшествия, оценив сложившуюся ситуацию, нашли правильные решения для спасения жизни людей, оказавшихся в огненной стихии. Благодаря слаженным действиям всего личного состава, 2-ое несовершеннолетних детей и женщина были спасены, на месте им была оказана первая доврачебная помощь.В 09 часов 41 минуту, пожар был локализован, а в 09 часов 45 минут ликвидирован.

Это только малая часть чрезвычайных ситуаций, в ликвидации которых участвовал Сартаев Арман. За эти немалые годы службы он стал настоящим профессионалом своего дела, которые заступая на дежурство воспитывает в молодежи патриотизм, любовь к выбранной профессии и учит их всему тому, что знает сам, а знает он не мало. Он показал себя профессионалом не только в тушении пожаров бытового характера, но и отличился своим профессионализмом в ликвидации лесостепных пожаров и проведении аварийно-спасательных работ.   Сартаев Арман также принимаетактивное участие в проведении пожарно-тактических учений. Армана Молдатаевича уважают в коллективе, также он является примерным семьянином, воспитывает со своей женой Айсулу, сына Мадияра и дочь Дану. Сын посетив пожарную часть, примерив боевую одежду пожарных, сказал , что тоже хочет стать как его отец. Мы верим в то, что Мадияр пойдет по стопам отца и тоже спасет не мало жизней.

Группа государственного языка и информации Службы пожаротушения Департамента по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области

Тел. 8(7262) 34-86-09

 

 

 

Ержігітке ерлік жарасады!

 

Әлем елдерінде түрлі күрделі мамандықтар болатын болса солардың ішіндегі ең қиындарыныңқатарынан өрт сөндіру мамандығы ойып тұрып орын алатындығына ешкімнің таласы жоқ шығар. Себебі жан баласы жақындай алмайтын ыстық, өте жоғары температурада өрт сөндірушілер өртті сөндіріп қана қоймай, қауіпті орында қалып қойған ададарды құтқарып, құнды мүліктерді де қауіпсіз орынға шығарумен айналысады. Алайда, өр сөндіру саласының кез-келген қайсар жігіттерінен атқарып отыған істеріңіз ерлікке барабар екендігін айтып таңғалысыңызды білдірсеңіз, олардың берген жауабы «бұл біздің жұмысымыз» деп сыпайы ғана жауап берер еді.Міне, бүгінгі әңгімемізге арқау еткелі отырған кейіпкеріміз де дәл осындай қарапайым жандардың бірі де бірегейі. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің орынбарасы, азаматтық қорғау майоры Арман Молдатайұлы Сартаев1974 жылы Талдықорған облысында дүниеге келгенімен, балалық шағының басым бөлігі Жамбыл облысы, Луговое ауданында (қазіргі Т.Рысқұлов ауданы) өткен. Әкесі Молдатай заң саласында қызмет атқарса, анасы Гүлдана ақ халатты абзал жандардың қатарында қызмет атқарып, ел игілігі жолында аянбай тер төккен еңбек адамдары болса керек. Отбасында 2 ұл, 1 қыз болып ержеткен Сартаевтардың тұңғышы Арман 1989 жылы жергілікті жердегі Ш.Уалиханов атындағы орта мектебін жақсыға тәмамдап, одан әрі білімін жетілдірмек ниетте Алматы қаласындағы әскери үгіт-насихат республикалық арнайы мектеп интернатын 1992 жылы аяқтап, одан әрі Алматы қаласындағы Өрт-техникалық училищесіне оқуға түседі. Мұнда Арман өзінің бала күнгі арманына біртабан жақындағандай болып, одан әрі өзін сымдай тартылған әскери киімде елестете бастайды. Десе дегендей ол 1995 жылы аталған оқу орнынан өрт қауіпсіздігі технигі мамандығын игеріп шығып, алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымынан бастап, 1999 жылға дейін сонда қызмет атқарады. Одан әрі Жамбыл облысына ат басын бұрған Арман Шу қаласындағы өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы, 2009 жылдан 2011 жылдар аралығында Оқыту пунктінде аға оқытушы лауазымдарында қызмет атқарып, 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін Кезекшілік өрт сөндіру қызметінде өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді.

Қызмет барысында өзін жоғары деңгейдегі кәсіби маман ретінде таныта білген олтүрлі сипаттағы өр сөндіру жұмыстары мен төтенше жағдайлардың алдын алуға және апаттық құтқару жұмыстарына белсенді қатысып, бүгінде қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге өзінің бойындағы кәсіби білімін үйретуден еш шаршаған емес. Оның қызмет өткерген жылдарына шегініс жасап, көз жүгіртсек бірнеше оқиғалардың куәсі боларымыз сөзсіз. соның бірнешеуін еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз.

Мысалға оның қатысуымен 2017 жылдың маусым айында Мойынқұм ауданы Қосқұдық елді мекенінде табиғи өрт оқиғасы орын алды. Өрт кең ауқымға таралып, екпінді желдің қатты соғуына байланысты өртті өшіру барысында қиындықтар туғызды. А.Сартаев батыл және жедел шешім қабылдап, сонымен қатар күштер мен құралдарды білікті басқаруының арқасында және жеке құрамның нақты іс-қимылдарын ұйымдастыруда өрт сөндіру жұмыстарын сапалы жүргізді.

А.Сартаев 2015 жылдың 15-17 шілдесі аралығында Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйыммен Тараз қаласында өткізілген «Химиялық қауіпсіздік-2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалуға және өткізуге белсене қатысты. Оқу-жаттығудың практикалық бөлігін атқару барысында «Казфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытының аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің іс жүзіндегі әрекеттеріне басшылық етті, оқу-жаттығу барысында қойылған міндеттерді жетістікпен орындап, халықаралық бақылаушылардың жоғары бағасына ие болды.

2017 жылы Тараз қаласындағы Рахимова көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шыққанда күштер мен құралдарды өрт ошағына жұмылдырып, Тараз қ. №1 және №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен 50 ден астам адамды қауіпсіз орынға көшіруге атсалысады.

2017 жылғы қаңтар айының 07 жұлдызында 04 сағат 27 минутта Күштер мен құралдарды басқару орталығы өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне Тараз қаласы Б.Момышұлы көшесі №52 «Б» мекен жайда орналасқан екі қабатты «Мыңбұлақ» шағын сауда орталығының өртенуі туралы хабар келіп түсті. Дабыл бойынша өрт орнына Тараз қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесіне сәйкес шақыртудың жоғары 2 нөмірімен (№2 рангалы) қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдарды және жедел топ қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына өрт сөндіру есептері жеткен уақытта ауысым басшысының жедел барлау жүргізу барысында шақыртудың жоғары нөмірі расталып, «Мыңбұлақ» шағын сауда орталығының бірінші және екінші қабатында орналасқан сауда орындарының өртеніп жатқаны және 5 метр қашықтықта жақын орналасқан 5 қабатты тұрғын үйге және 10 метр қашықтықта орналасқан «Айрылмас» сауда орталығына таралу қаупі туындағаны анықталды. Өрттің жалпы көлемі 450 шаршы метрді құрады. А.Сартаев өрт орнына жете салысымен өрт сөндіруге жетекшілік етуді өз қолына алып, оның сауатты шешім қабылдауының және шапшаң әрекет етуінің нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде ауыздықталып, толығымен жойылды.

Сонымен қатар 2018 жылы Сартаев арманның кезекшілігі күні Тараз қаласы, Бөлтірік шешен көшесіндегі өртке оранған тұрғынүйдегі өртті Тараз қ. №1 өрт сөндіру бөлімі мен №1 және №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен бірлесе отырып сөндіріп, мас күйде қалып қойған адамды қауіпсіз орынға шығарып, оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуіне ықпал еткен. Нәтижесінде жақын орналасқан қос бірдей тұрғынүйді өртке оранудан аман алып қалады.

2018 жылдың 1 мамырында облыс жұртшылығы еліміздің бірлік күнін тойламаққа мәре-сәре болып қызу дайындалып жатқанда 09 сағат 12 минут шамасында 101 телефон нөміріне Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түркісіб ауылы, К.Асабаев көшесіндегі №1 «б» мекен-жайындағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің 1 және 2-бөлімшесі шұғыл аттанады. Өрт сөндіру бөлімінен 8 шақырым қашықтықта орналасқан өрт орын алған аумаққа жеткен өрт сөндірушілер жедел түрде барлау жүргізіп, барлау нәтижесінде қалың түтін көмкерген тұрғын үйдің ішінде 3 адамның қалып қойғандығын және олардың ішінде 2-уі балалар екенін анықтаған өрт сөндірушілер одан әрі бүркемелей су бере отырып, үй ішіне еніп те үлгерген еді. Осы уақытта Кезекшілік өрт сөндіру қызметі де оқиға орнынан табылып, жағдайды басқаруды өз қолдарына алып, нәтижесінде есікті бұзып кірген өрт сөндірушілер өртке оранған үй ішінен 2 кәмелетке толмаған бүлдіршін мен әйел адамды құтқарып шығарып, алғашқы кезектегі көмек көрсетуді де естен шығармайды. Өрт 09 сағат 41 минутта оқшауланып, 09 сағат 45 минутта толық сөндіріледі. Міне осы және өзге де өрт оқиғаларының басы-қасында жүріп, өзінің бойындағы көп жылдарды артқа тасап жиған-терген білімін өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа үйретуден шаршамайтын Арман Сартаев секілді өз ісінің майталман мамандары, абзал ерлері барда өрт сөндіру саласы да қарыштап дами бермек. Өз ісінің үздігі Арман мұнан өзге түрлі сипаттағы дала өрттерін жою мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларға да белсенді атсалысып келеді.Бүгінде ұжымға сыйлы Арман ағамыз жұбайы Айсұлу екеуі Мадияр есімді ұл мен Дана атты қызды тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші ұлы Мадияр өрт сөндіру ғимаратына әкесімен бірге серуендеп келіп, өрт сөндіру автокөліктерімен танысып, жауынгерлік киімдерін киіп көруді әдетке айналдырған. Бүгінде ол өрт сөндіруші боламын деп болашақ мамандығын таңдап та қойған. Ал біз өз тарапымыздан Мадиярға Төле бише «атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, өзіне келер ұятты, өзі біліп тұрса игі» деген нақыл сөзді арнағымыз келеді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Тел. 8(7262) 34-86-09

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

  • Актос